Unsiz media – блогер және зооқорғаушы Темірлан Тоспаев құрған, жануарлар, олардың құқықтары және гуманистік қоғам туралы қоғамдық медиа.

Unsiz media идеясы кабинетте жасалған стратегиядан емес, нақты қоғамдық қозғалыстан туды. 2026 жылдың көктемінде зооқорғаушылар мен бейжай қарамайтын азаматтарды қатты алаңдатқан заң талқылауынан кейін Темірлан қаңғыбас жануарларға қатысты заңдастырылған қатыгездікке әкелуі мүмкін шешімдерге қарсы бастама көтерді.

Бұл бастама тез арада мыңдаған адамның дауысына айналды. Петицияны 120 мыңнан астам адам қолдады, талқылауға Қазақстанның әр қаласынан еріктілер, зооқорғаушылар, заңгерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері және қарапайым азаматтар қосылды. Жануарларға көзқарас тақырыбы “ит пен мысық туралы” тар мәселе емес екені анық болды. Бұл – қоғамның кемелдігі, мемлекеттің жауапкершілігі, жанашырлық мәдениеті және тірі жан иелерінің қорғалу құқығы туралы әңгіме.

Осылайша жеке адамның парақшасы да, уақытша кампания да, бір заң жобасына эмоциялық реакция да емес, жануарлар туралы жүйелі, адал және адамгершілікпен сөйлейтін тұрақты платформа құру идеясы пайда болды.

Unsiz media көбіне дауысы естілмейтіндер туралы айтады: қаңғыбас жануарлар, паналар, еріктілер, зооқорғаушылар және күн сайын бейжай өтіп кетпеуді таңдайтын адамдар туралы. Біз қатыгездік туралы жазамыз, бірақ шок жасау үшін емес. Заңдар туралы айтамыз, бірақ қарапайым тілмен. Құтқару оқиғаларын баяндаймыз, өйткені гумандық нақты әрекеттен басталатынын еске салғымыз келеді.

Біздің мақсатымыз – Қазақстанда жануарларға деген жаңа қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Бұл мәдениетте жанашырлық әлсіздік саналмайды, көмек тек шаршаған еріктілердің мойнында қалмайды, ал қатыгездік қоғам мен мемлекеттің реакциясынсыз қалмайды.

Unsiz media – сөйлей алмайтындардың дауысы. Және оларды естуге дайын адамдарға арналған кеңістік.

Жобаға көмектесу

Сіздің үлесіңіз сөйлей алмайтындардың
атынан сөйлеуге көмектеседі.